(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ АЙНАЛЫМЫ ЖӨНІНДЕГІ ДЕКЛАРАЦИЯЛАРД...
Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 119 бұйрығы
(2017.07.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2017.07.09. № 545 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтын 1-қосымшасына сәйкес Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары;
2) осы бұйрықтын 2-қосымшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны;
3) осы бұйрықтын 3-қосымшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны;
4) осы бұйрықтын 4-қосымшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны;
5) осы бұйрықтын 5-қосымшасына сәйкес «Автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Редакция документа
Демо – версия документа