«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 55 бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 55 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11624 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік ішкі істер органдары басқармасының (бөлімі) көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімше, топ) (бұдан әрі - КҚҚб) қызметкері және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қатысады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің - www.mvd.gov.kz интернет-ресурсындағы «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz, Порталдың - www.egov.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналасқан стенділерде орналастырылады.
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне:
1) КҚҚб қызметкері;
2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері;
Документ утратил силу
Демо – версия документа