(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭКСПОРТТЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДА РҰҚСАТ БЕРУ ҚҰЖАТТАРЫН...
Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 Қаулысы
(2019.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2019.10.07. № 497 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты бойынша лицензиар;
экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат, өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде қайта өңдеуге рұқсат, өнімнің транзитіне рұқсат, тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды, кепілдік міндеттеме (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беруге уәкілетті орган;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензиялар, экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсаттар беруді келісетін мемлекеттік органдар;
3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес өнімнің транзитіне рұқсаттар беруді келісетін мемлекеттік органдар болып айқындалсын.
2. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):
«Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық міндеттемелер түсініктері бойынша бақыланатын тауарлар» деген бөлімнің кестесіндегі 5-баған алып тасталсын.
Редакция документа
Демо – версия документа