«Уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 283 Қаулысы
Уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 283 Қаулысы
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 12 сәуірдегі
№ 283 қаулысымен
бекітілген
Уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) – Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары;
Демо – версия документа