«Теңіз жасағы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 707 Қаулысы
«Теңіз жасағы» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 707 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі жедел iс-қимылдарды жүзеге асыру қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру қамтамасыз етілсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қоғам атынан қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;
3) қоғамды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді;
4) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінең кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 707 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
толықтырулар
Демо – версия документа