(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛ...
Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 189 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 189 қаулысымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар
қызметінің аражігін ажырату
Р/с № | Ұлттық компанияның атауы | Қызмет түрі |
1 | 2 | 3 |
1. | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы | мұнай және газ ресурстарын, өндіру процесін сумен қамтамасыз үшін жерасты суларын барлау және өндіру |
2. | «Taу-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы | уранды және оның қосылыстарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, көмір бассейндері газын, өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барлау және өндіру |
3. | «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы | уранды, оның қосылыстарын, сирек кездесетін металдарды, өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барлау және өндіру |
Редакция документа
Демо – версия документа