«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 180 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 180 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 180 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Борышкерден алынған және банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға сақтауға берілген бағалы қағаздарды, валюта құндылықтарын, бағалы металдардан, асыл тастар мен інжуден жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, сондай-ақ осындай бұйымдардың сынықтары мен антиквариатты сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 526 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 231-құжат).
Демо – версия документа