(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ КЕЙБІР НОРМА...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 65 Қаулысы
(2016.17.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшаларына сәйкес тізбе бойынша өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 65 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі
1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.17.03. № 91 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.01. № 30 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2000 жылғы № 9 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа