(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕМЕНIҢ ИПОТЕКАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КЕМЕ ИПО...
Осы редакция 2017 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 556 бұйрығына
5-қосымша
«Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме
ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.22.01. берілген өзгерістермен)
1. «Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.22.01. № 45 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.22.01. № 45 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру - 7 (жеті) жұмыс күні;
кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
Редакция документа
Демо – версия документа