«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары, Қазақстан республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 521 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары, Қазақстан республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 521 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
13) «осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі аудит департаменті туралы ереже;»
осы бұйрыққа 13-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 17 мамырдағы
№ 521 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 477 бұйрығына 13-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Ішкі аудит департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі аудит департаментінің (бұдан әрі - Департамент) мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің үлгілік ережесіне сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Департамент Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен құрылады.
Демо – версия документа