(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 2015.26.10 № 18-0...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 18-03/947 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 23 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 қазандағы
№ 18-03/947 бұйрығына
қосымша
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің бұйрықтарының тізбесі
1. «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 9-1/613 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9939 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 11 желтоқсанда жарияланған):
көрсетілген бұйрықтың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа