«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына 1-қосымша) (2018.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің 2018.26.11. № 1554 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 26 мамырдағы
№ 298 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығымен күші жойылды
«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi
(2018.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11096 болып тіркелген) (бұдан әрі-Стандарт) негізінде аумақтық әділет органдарымен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi-портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету электрондық нысанда.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi: 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өткені туралы шешім не көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өтпегені туралы шешім не осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жолданады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа