«Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 43 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 93 бұйрығы
«Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 43 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 93 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31810 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ есеп нысанында:
3-бөлімнің 5-кестесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
Демо – версия документа