«Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және мемлекеттік тіркеу рәсімін орталықтандырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № 770 Қаулысы (күші жойылды)
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және мемлекеттік тіркеу рәсімін орталықтандырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № 770 Қаулысы
4-тармаққа сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылғы 10 қарашадан бастап 31 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жергілікті мемлекеттік басқару органдарының (бұдан әрі - пилоттық органдар) нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келісуді және мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруы жөніндегі пилоттық жоба енгізіледі деп белгіленсін.
2. Мыналардың қолданылуы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 313 құжат) бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары 37-тармағының бірінші бөлігі, тоқтатыла тұрған кезеңде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
Документ утратил силу
Демо – версия документа