(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009 ЖЫЛҒЫ 11 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 1354 Қ...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1354 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау, ғылым және медициналық білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорындарды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 1354 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорындары болып қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының
тізбесі
Редакция документа
Демо – версия документа