«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 780 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 780 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 279), 280), 281), 282), 283), 284), 285), 286), 287), 288), 289), 290), 291), 292), 293), 294) және 295) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 780 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 17 ақпандағы
№ 71 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік):
1) азаматтардың денсаулығын сақтау;
2) медицина және фармацевтика ғылымы, өнеркәсіп және білім беру;
3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы және оның айналысын бақылау;
4) медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасын бақылау;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау;
6) тамақ өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі;
Демо – версия документа