Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 11 бұйрығы

 «Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 11 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының патент заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1347 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17329 болып тіркеліп, 2018 жылғы 4 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку