«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Әділет министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 47 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 381 бұйрығы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Әділет министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 47 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 381 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның ғимараттарды, жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13043 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидалары көрсетілген бұйрықпен бекітілген осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қазақ және орыс тілдерінде енгізу және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Демо – версия документа