Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ 2015.12.08 № 67-Ө ӨКІМІ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 67-ө Өкімі

 

Осы редакция 2016 жылғы 14 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын;

3) қабылданған шаралар туралы жыл сайын 2017 жылғы 20 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін хабардар етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жыл сайын 2017 жылғы 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы өкімнің орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін.

 

 

Премьер-Министр

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2015 жылғы 12 тамыздағы

№ 67-ө өкімімен

бекітілген

 


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан
Республикасының
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің

тізбесі

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку