(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕГІНЕН ТЫС ТҰРАҚТЫ ТҰРҒЫ...
«Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 54 Қаулысы
(2015.12.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 1 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ҚР Үкіметінің 2015.12.10. № 821 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 508-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кету ішкі істер органдары шығуға арналған құжаттарды ресімдегеннен кейін жүзеге асырылады.»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының өздері немесе олардың заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына мынадай құжаттарды ұсынады:»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Редакция документа
Демо – версия документа