(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ БІЛІМ Б...
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 332 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 22 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) білім беру ұйымдарының бастықтары:
1) түлектерді бөлу жөніндегі комиссиялардың уақтылы және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
2) ішкі істер және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерімен ІІМ білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу, жұмысқа орналастыру және мониторингілеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
3. ІІМ Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және мерзімді баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке және ІІМ Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 9 маусымдағы
№ 332 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа