«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 313 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 313 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және оның ведомстволарының тізбесінде:
«Төтенше жағдайлар комитеті» деген 4-бөлімде:
14, 22, 23-тармақтар алып тасталсын;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Кекшетау қаласы).»;
25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33-тармақтар алып тасталсын;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
34. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Ақтау қаласы).»;
35-тармақ алып тасталсын;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Петропавл қаласы).»;
37-тармақ алып тасталсын;
Демо – версия документа