(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ...
Осы редакция 2016 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 7-1/559 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы
ереже
(2016.29.03. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015.25.02. № 7-1/136 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - ведомство) - ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
2) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган - зертханалық бақылауды қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары;
3) ведомствоның аумақтық бөлімшелері - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері (облыс, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қала, астана).
3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негiзгi мақсаттары:
1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу;
2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
Редакция документа
Демо – версия документа