Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 25 ақпандағы № 7-1/136 бұйрығы

«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 25 ақпандағы № 7-1/136 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашадағы № 232 (28455) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ережеде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - ведомство) - ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;

2) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган - зертханалық бақылауды қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары;

3) ведомствоның аумақтық бөлімшелері - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері (облыс, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қала, астана).»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:

1) аумақтық бөлімшелері, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері бар ведомство;

2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылады;

3) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку