(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕ...
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 123 бұйрығына
5-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
(2021.21.05. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі -Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бiрыңғай байланыс орталығы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша - ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысаны - рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;
Редакция документа
Демо – версия документа