Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.31.12 № 1510 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1510 Қаулысы

(2015.04.09. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1510 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

 

1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 17-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу ережесінде:

2-тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) лот - мемлекеттік орман иеленушінің тендерге қойылатын орман ресурстары бойынша белгіленген тәртіппен құжаттамалық ресімделген ұсынысы;

2) өтінім-лот - қалыптасу процесіндегі тендерге қойылатын орман ресурстары бойынша мемлекеттік орман иеленушінің ұсынысы;

3) тендерді ұйымдастырушы - тендерге қойылатын мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары функционалдық қарауында болатын облыстардың жергілікті атқарушы органдары немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері;

4) уәкілетті орган - мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру тәртібінің сақталуын үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыратын орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;»;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку