(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 209 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 11 сәуірдегі
№ 209 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
8-1-тармақтың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
8-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкімет құрамына кірмейтін орталық мемлекеттік орган болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) оның бірінші басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі), сондай-ақ егер ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) Үкіметтің өкілеттіктерін қозғайтын жағдайларда, Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адаммен келісілгеннен кейін бекітеді.»;
8-5-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
8-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8-7. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес беріледі.»;
8-10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа