(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | А. Мырзахметов |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 26 мамырдағы
№ 236 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Жер ресурстарын басқару комитеті туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен оған жүктелген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегіндегі жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет саласында стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа