(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2012.24.02 № 85 БҰЙРЫҒЫ
Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 85 бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылы 12 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Апелляциялық кеңес туралы ереже бекітілсін.
2. «Апелляциялық кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 81 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6154 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылғы, № 12 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Имашев |
Әділет министрінің
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 85 бұйрығымен бекітілген
Апелляциялық кеңес туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Апелляциялық кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңына (бұдан әрі - Селекциялық жетістіктер туралы заң), Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Заңына (бұдан әрі - Патент заңы) және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңына (бұдан әрі - Тауар таңбалары туралы заң) сәйкес әзірленді.
2. Апелляциялық кеңес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зняткерлік меншік құқығы комитетінің (бұдан әрі - Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа