(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕЙБІР ...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 1040 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларында:
22-тармақтың 5) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Айналым жасалған күн» деген 3-жолда Салық кодексінің 379-бабына немесе 442-баптарына сәйкес айқындалған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күн көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады).»;
мынадай мазмұндағы 73-1-тармақпен толықтырылсын:
«73-1. «Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер» деген G бөлімін толтыру кезінде, ТІЖ негізінде ЭШФ жазып беру кезінде ТІЖ-де және ЭШФ-да көрсетілетін тауарлар бойынша деректер бірдей болуы тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:
«75-1. «Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректер» деген Н бөлімін толтыру кезінде, ТІЖ негізінде ЭШФ жазып беру кезінде ТІЖ-де және ЭШФ-да көрсетілетін тауарлар бойынша деректер бірдей болуы тиіс.»;
2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа