Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 42 бұйрығы

«Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 42 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:

31-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуді қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге арналған шығыстар ескеріледі, бұл ретте еңбекақы төлеуге арналған шығыстарды айқындау кезінде нормативтік саннан (болған кезде) аспайтын персоналдың (әкімшілік-басқарушылық және өндірістік) нақты саны және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) немесе субъект персоналының нақты саны, бірақ нормативтік санынан аспайтын және ақпарат берудің алдындағы жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) орташа айлық жалақы есепке алынады.

Экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) орташа айлық жалақы, ақпарат берудің алдындағы жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан, ол Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы бағамен қабылданған орташа айлық жалақыдан асып кеткен кезде қабылданады;»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку