Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰЛТТЫҚ ПОШТА ОПЕРАТОРЫ ҮШІН ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВТІ...

Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативті, сондай-ақ оның орындалуы туралы есептіліктің нысанын, табыс ету мерзімін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 Қаулысы

 

Осы редакция 2019 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) Ұлттық пошта операторына арналған пруденциялық норматив - меншікті қаражат жеткіліктілігі.

Меншікті қаражат жеткіліктілігі Ұлттық пошта операторының меншікті капиталының оның активтері сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

Меншікті қаражат жеткіліктілігінің ең төменгі мәні кем дегенде 0,12 құрайды;

2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтің орындалуы туралы есептіліктің нысаны (бұдан әрі - есеп) белгіленсін.

2. Ұлттық пошта операторының меншікті капиталы мыналардың:

материалдық емес активтердің;

өткен жылдардағы шығындардың;

ағымдағы жылғы шығыстардың ағымдағы жылғы кірістерден асып түсуі;

басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу сомалары шегерілген

төленген жарғылық капиталдың (ақшалай төленген сомалар шегінде);

қосымша капиталдың;

өткен жылдардағы бөлінбеген таза кірістің (оның ішінде бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптастырылған қорлар, резервтер);

ағымдағы жылғы кірістердің ағымдағы жылғы шығыстардан асып түсуі сомасы ретінде есептеледі.

Ұлттық пошта операторы есепті айдың соңына өтімділігі жоғары активтер мөлшерінің талап етілгенге дейінгі міндеттемелердің көлеміне қатынасы ретінде есептелетін өтімділікке қойылатын талапты сақтайды.

Ұлттық пошта операторының өтімділігіне қойылатын талап кем дегенде 0,3 құрайды.

3. Өтімділігі жоғары активтердің есебіне мыналар:

1) ақша, оның ішінде:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку