«Сот сарапшысы өз қызметін жүзеге асыратын арнайы жабдықталған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 385 бұйрығы (күші жойылды)
«Сот сарапшысы өз қызметін жүзеге асыратын арнайы жабдықталған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 385 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 310 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сот сарапшысы өз қызметін жүзеге асыратын арнайы жабдықталған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10286 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген сот сарапшысы өз қызметін жүзеге асыратын арнайы жабдықталған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда:
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаменті белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауға жіберуді;
Документ утратил силу
Демо – версия документа