Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 ақпандағы № 163-VIII Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім

беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 46-ө Өкімін қараңыз

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ 2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді

1. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

«15-1) тәлімгерлік жөніндегі ұйым - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының аумағында өтеусіз негізде жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;»;

2) 28-2-бапта:

2-тармақ «ұйымдарындағы» деген сөзден кейін «он жасқа толған» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ 13) тармақшасындағы «қоспағанда) тәлімгер бола алмайды.» деген сөздер «қоспағанда);» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

«14) тәлімгерлік бойынша оқытудан өтпеген адам.»;

4-тармақтың 1) тармақшасындағы «жетім балаларға» деген сөздер «тәлімгерлік туралы шартта айқындалған талаптармен, жетім балаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 7, 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

«7. Тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды тәлімгерлік жөніндегі ұйымдар, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары аталған ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды ұйымдастыру тәртібін және осындай оқытудан өткені туралы сертификат нысанын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.

8. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган тәлімгерлік жөніндегі ұйыммен тәлімгерлік туралы шарт жасасады.

9. Тәлімгерлік жөніндегі ұйым:

1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған көлемде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты олардың заңды өкілдерінің келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алуға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

10. Тәлімгерлік жөніндегі ұйым:

1) тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарға консультациялық көмек көрсетуге;

2) тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды жүзеге асыруға;

3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлерді іріктеуді жүзеге асыруға;

4) тәлімгерлерге құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге;

5) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға қызметі туралы тоқсан сайынғы есепті беруге;

6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ тәлімгерлердің дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге;

7) бала орналасқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымын, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органды, ішкі істер органдарын тәлімгерлік жүзеге асырылатын баланың қайтыс болу, оған қатыгездікпен қарау, оның ішінде балаға қатысты күштеп немесе психикалық зорлық-зомбылықты жүзеге асыру, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.».

2. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

3-2), 3-3), 3-4), 3-5) және 3-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«3-2) қазақ тілінің үлкен тілдік моделі - қазақ тіліндегі мәтіндерді кейіннен өңдеу, генерациялау және талдау үшін мәтіндік деректердің үлкен көлемінде оқытылған жасанды нейрондық желі;

3-3) қазақ тілінің сөздік қоры - тіл нормасына сәйкес келетін, лексикалық-орфографиялық, терминологиялық, ономастикалық және басқа да сөздіктерде, анықтамалықтарда, Қазақ тілінің ұлттық корпусында қамтылған сөздердің, терминдер мен сөз тіркестерінің жиынтығы, тілді мәдени құндылық ретінде сақтау құралы;

3-4) Қазақ тілінің ұлттық корпусы - қазақ тілінің барлық стилі мен жанрындағы мәтіндерді қамтитын, іздеу жүйесімен және мәтінмен жұмыс істеудің басқа да құралдарымен жарақтандырылған ақпараттық-анықтамалық жүйе;

3-5) Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры - қазақ тілінің сөздік қорына қолжетімділік беретін және ондағы ақпараттың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы өңделуін қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе;

3-6) қоғамдық маңызы бар әдебиет - қоғамның рухани-білім және зияткерлік-мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған өзекті шығармалар;»;

мынадай мазмұндағы 3-7), 3-8), 3-9) және 3-10) тармақшалармен толықтырылсын:

«3-7) қоюшы (қоюшы режиссер, қоюшы балетмейстер, қоюшы суретші) (бұдан әрі - қоюшы) - дербес көркемдік шешім негізінде театр, цирк немесе өзге де өнер туындыларының қойылымын жүзеге асыратын жеке тұлға;

3-8) материалдық емес мәдени мұраны қорғау - материалдық емес мәдени мұраның сәйкестендірілуін, құжаттандырылуын, зерттелуін, сақталуын, қорғалуын, танымал етілуін, рөлінің артуын, сондай-ақ жаңғыртылуын қоса алғанда, оның өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылдау;

3-9) Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесі - Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұрасының мәдени құндылықтар тізбесі;

3-10) мәдени-бұқаралық іс-шара - халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруге, оның рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған мәдени іс-шара;»;

2) мынадай мазмұндағы 24-4-баппен толықтырылсын:

«24-4-бап. Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры және Қазақ тілінің ұлттық корпусы

1. Қазақ тілін мәдени құндылық ретінде сақтау, қорғау және дамыту, сондай-ақ мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын құрудың мақсаттары болып табылады.

2. Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылады, оны пайдалану ерікті және өтеусіз негіздерде және тиісті рұқсаттарсыз жүзеге асырылады.

3. Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры қазақ тілінің үлкен тілдік моделін әзірлеу және дамыту үшін дереккөз болып табылады.

4. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеп, бекітеді және Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыру мен дамытуға жауапты заңды тұлғаны айқындайды.

5. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган Қазақ тілінің ұлттық корпусын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеп, бекітеді.»;

1) 32-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) қазақ тілінің сөздік қоры;».

3. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:

1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

3) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;

4) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізеді және өз құзыреті шегінде мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қояды, білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын белгілейді және осы жұмысты үйлестіреді;

5) білім беру саласында жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

6) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің даму жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ашық деректерінің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің бірыңғай тізбесіне сәйкес ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру арқылы қоғам мен мемлекетті мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді;

7) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

8) білім беруді басқару жүйесіне білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын, сондай-ақ білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

9) мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оның жүргізілуін үйлестіреді, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

10) білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы зерттеулер жүргізуді үйлестіруді және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама дайындауды, сондай-ақ «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыруды, қолдап отыруды, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, интеграциялауды және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;

11) «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, қолдап отыру, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

12) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төмен талаптарды әзірлейді және бекітеді;

13) электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнаулы, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін компьютерлік және интерактивті жабдыққа қойылатын ең төмен талаптарды әзірлейді және бекітеді;

14) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

15) баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша бекітеді;

16) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидалары мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгілейді;

17) «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18) оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдерін айқындайды;

19) мынадай:

бастауыш білім беру;

негізгі орта білім беру;

жалпы орта білім беру;

білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;

білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;

рухани білім беру;

3-тармақтың жиырма тоғызыншы абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсыну үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша береді;

20) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

21) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және қосымша білім беру бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;

22) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

23) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және қосымша білім беру бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;

24) жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін, сондай-ақ республикалық орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын әзірлейді және бекітеді;

25) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесін бекітеді;

26) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

27) республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;

28) жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

29) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге берілетін біржолғы сыйақының мөлшерлерін бекітеді;

30) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын (ғылыми жарыстарды), орындаушылар конкурстарын, кәсіби шеберлік конкурстарын және спорттық жарыстарды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

31) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекітеді;

32) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесі мен оларды іріктеу өлшемшарттарын бекітеді;

33) жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстарын және кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

34) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

35) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітіп берілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

36) білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қызметі жұмысының қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

37) бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

38) «Өркен» грантын беру қағидаларын және оның мөлшерлерін, сондай-ақ оның құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

39) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

40) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

41) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына, үлгілік оқу бағдарламаларына сараптама жасау және оларды сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

42) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және ендіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

43) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін әзірлейді және бекітеді;

44) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын әзірлейді және бекітеді;

45) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай, кешкі оқу, онлайн-оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

46) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

47) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

48) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру студенттерін жатақханалардағы орындар мен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

49) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

50) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар мен педагогтердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

51) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларға арналған өтемақыны төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

52) бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құрады және олардың қызметі туралы ережелерді бекітеді;

53) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

54) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

55) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын әзірлейді және бекітеді;

56) «Алтын белгі» белгісі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

57) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

58) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою рәсімін жүзеге асырады;

59) «Орта білім беретін үздік ұйым», «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» гранттарының мөлшерін және оларды беру тәртібін белгілей отырып, осы гранттарды беруге арналған конкурстарды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

60) халықтың тығыздығына және елді мекендердің шалғайлығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін әзірлейді және бекітеді;

61) денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;

62) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

63) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

64) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

65) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

66) білім беру ұйымдарында балалардың сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

67) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды, орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптама жасау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды, мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді, орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін, оның ішінде электрондық нысанда қалыптастырады және бекітеді, сондай-ақ мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

Укажите название закладки

Создать новую папку