(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРАЛМАНДАР МЕН ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ӨҢІР...
Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығы
(2020.12.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-5) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа