«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 149-ө өкімі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 149-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары белгіленген тәртіппен тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы ай сайын келесі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігін хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және тоқсан қорытындылары бойынша келесі тоқсанның 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 27 қарашадағы
№ 149-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің
тізбесі
№р/с | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2020 жылғы желтоқсан | Ө.С. Бисақаев |
Демо – версия документа