(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2013.23.09 № 250 ҚАУЛЫСЫ
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 250 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің төрағасы
Ә. Смайылов
2013 жылғы 10 қазан
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 250 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 тіркелген, 2011 жылғы 5 қазанда «Заң газеті» газетінде № 144 (1960) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. РЕПО операциясын жасаған кезде (бағалы қағаздарды сатқан кезде) мәміле сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Редакция документа
Демо – версия документа