Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕСІРТКІ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАРДЫ ӘКЕ...

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1315 Қаулысы

 

Осы редакция 2019 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2019 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

 

«Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1315 қаулысымен

бекітілген

 

 

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі және «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді және «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Қазақстан Республикасында бақылау жасауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімінің (бұдан әрі - тізім) І, ІІ, ІІІ және IV кестелеріне енгізілген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету, сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы транзиттеу тәртібін белгілейді.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку