(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ІШКІ СУ КӨЛІГІ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН Қ...
Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығы
(2018.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.22.01. № 45 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Кеме экипаждың ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
Редакция документа
Демо – версия документа