Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ҮЛГІ ЕРЕЖЕНІ БЕКІТУ ТУ...

Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрығы

(2020.20.03. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 10-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 514 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 қантарда № 7387 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 сәуірдегі № 102-103 (26921-26922) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Е. Досаев

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020.20.03. № 154 бұйрығымен үлгі ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

министрінің

2015 жылғы 20 наурыздағы

№ 241 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку