(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАМАҚ ӨНІМІН ӨНДІРУ (ДАЙЫНДАУ) ОБЪЕКТІСІНЕ ЕСЕПТІК ...
Осы редакция 2016 жылғы 24 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 4 мамырдағы
№ 374 бұйрығына
3-қосымша
«Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.22.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.22.02. № 91 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11040 болып тіркелген) бекітілген «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz веб-порталы; www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру туралы растау.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен расталады.
Редакция документа
Демо – версия документа