«Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 892 бұйрығы
«Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 892 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаның нысанында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық берешегі өтелмеген жағдайда Сізге мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың мынадай:
1) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес*:
тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейін;
тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін банктік шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
2) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес:
тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейін;
Демо – версия документа