«Энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 9 бұйрығы
Энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 9 бұйрығы
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 17-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Ұлттық экономика министрі
Демо – версия документа