«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 595 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 595 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2017 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 595 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
тiзбесi
1. «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 288 қаулысы.
2. «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 288 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 633 қаулысы.
3. «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 288 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 356 қаулысы.
Демо – версия документа