(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 405 Қаулысы
(2015.25.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 405 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2015.25.12. № 1063 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 1018 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 54, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа