(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТ...
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 202 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 202 қаулысымен
бекітілген
Зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі мәселелері
бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы № 171 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6722 тіркелген, 2011 жылғы 23 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде № 164-165 (26567), 2011 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 2 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру портфелін беру ережесінде:
2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.»;
3-тармақ алып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа