«Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 557 Қаулысы (2023.27.12. берілген өзгерістермен)
Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 557 Қаулысы
(2023.27.12. берілген өзгерістермен)
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2021.29.12. № 958 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы болып айқындалсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 479 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 557 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2023.27.12. № 1195 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
Демо – версия документа