(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРГЕ ҚОСУҒА АРНАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ ШАР...
Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 16 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жылумен жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес газбен жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сумен жабдықтау және/немесе су бұру жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны бекітілсін.
2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология
Редакция документа
Демо – версия документа