«Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 623 бұйрығы
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 623 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2018 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев
28 маусым 2018 жыл
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
Р. Дәленов
27 маусым 2018 жыл
Қаржы министрі
2018 жылғы 25 маусымдағы
№ 623 бұйрығымен
бекітілген
Күші жойылған кейбір бұрықтарының тізбесі
Демо – версия документа