«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 260 бұйрығы
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 260 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін бейінді, ситуациялық және уәждемелік сұрақтар тізбесін қалыптастырады.
Бұл ретте, конкурс комиссиясы А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, B-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, C-R-1, С-R-2, С-R-3, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, E-1, E-2, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттардағы бос лауазымдарға орналасуға кандидаттар үшін сондай-ақ Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуге арналған сұрақтар тізбесін қалыптастырады.»;
4-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Демо – версия документа